АҚШ президенттігіне үміткерлер Дональд Трамп пен Камала Харрис бір-бірін АҚШ президенті болуға лайықты емес деп мәлімдеді. Қос кандидат өз қарсыласының ел басқару қабілетін осылайша өткір сынға алды. Демократ Камала Харрис оппоненті Трампты пікірсайыстардан қашып, сұхбаттардан бас тартқаны үшін мазақ еткен. Ал сол арада республикалық кандидат Детройт әуежайындағы сөзінде Харристі «ақылды емес», ол елді басқаруға жарамсыз деп мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы