Қазан айының үшінші жексенбісі, яғни ертең - орманшылардың кәсіби мерекесі. Бүгінде бүкіл жаһан жұртын алаңдатып отырған экология мәселесінің оңалуына орман шаруашылығының маңызы, соның ішінде жасыл желекті қорғап жүрген орманшылардың еңбегі орасан. Саналы ғұмырын тау-тасты кезіп, табиғатты қоруға арнаған жандар арамызда аз емес. Әріптесім Қуан Нұрақын Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманшыларымен кездесіп, бір күндік жұмысымен танысып қайтты.
Әкеміз осы жерде 52 жыл істеп кетті бір жерде. Ағам, інім олар да орманшылар.
Қайрат Бегімбетов - 38 жылдан бері Іле Алатау ұлттық табиғи паркінде орманшы. Келер жылы зейнетке шығады. Оның қоритын жері Алматының іргесінде. Аумақ саналы ғұмырын осы сайды күзетуге арнаған әкесінің есімімен аталады. Зираты да осында.
Қайрат Бегімбетов, орманшы:
73 жылы қыстың күні жаңа жылдың алдында қарағайларды қорғап жүргенде браконьер атып кетті папамызды. Әрең қалып, операция жасап, бір жылдан кейін пенсияға шыққан. 1986 жылдан бері әскерден келгенде папамның орнына мен кірдім. Әлі күнге дейін істеп жатырмын.
Бірінші маршрут үйден шықсам, менің границам анау саймен, қырмен кетеді да Көк жайлауға дейін шығып, үстінен айналып, жолмен түсем.
Болат Есқалиұлы 800 гектардан аса аумаққа жауапты. Әкесі де орман шаруашылығын басқарған. Сіркіреп тұрған жаңбырға қарамастан атына мініп, маңайға дүрбі салып, тұмса табиғатты шолуға шықты. 30 жыл орманшы болып істейтін ол қосымша жүктеменің көптігінен, барлығын аралап шығуға кейде үлгермей қаламыз, - дейді.
Болат Байғозиев, орманшы:
Орман шаруашылығына жаздың күні күн ыстықта көбінесе пожарный сторожды жұмысқа көбірек алған дұрыс. Өйткені бізге көмек болады. Сонан кейін бізге жаңағы лесной жұмысты көбінесе жұмыскерлер болса істейтін.
КЕСТЕ:
Еліміздің 160 табиғатты қорғау мекемесі мен кәсіпорнында 17,4 мыңға жуық орманшы жұмыс істейді. Оның 8,1 мыңы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, ал 9,2 мың қызметкер жергілікті атқарушы органдарға қарайды. Соңғы жылдары орманшылардың жалақысы 100% көтерілгенімен, ауылдық жердегі қызметкерлердікі мардымсыз, - дейді жауаптвминистрлік өкілі.
Данияр Тұрғамбаев, ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы:
80-90 мыңға туризм дамыған жерде басқа да қызмет атқарып, қаражат таба алады. Сондықтан, мусор жинайтын, басқа да қызметкерлер табу қиын болып жатыр.
Техника өте тозған болатын. 2023-2027 жылдарға арналған кешенді 68 млрд теңге бөлінді.
Біз бір күндік жұмысына куә болған орманшыларды жалақы мәселесі алаңдатпайды. Себебі, олар қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан, табиғатты қорғауға берілген жандар. Еліміздегі табиғи және адам қолымен жасалатын апаттардан аман сақтау осы жандардың ерен еңбегінің арқасы.
Қуан Нұрақын