Қарағынды облысындағы шахтада болған апатты арнайы комиссия тексереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағынды облысындағы шахтада болған апатты арнайы комиссия тексереді

19.10.2024

Қарағанды облысы «Саранская» шахтасында болған апатты тексеру үшін еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрды. Қазіргі таңда мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды. Естеріңізге сала кетсек, 14 қазан күні шахтада апат болып 3 адам түрлі дене жарақатын алды. Екі кеншінің жағдайы жақсы, үйлерінде ем алып жатыр, ал бірі жансақтау бөлімінде.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу