Демалыс күндері Астанада ауыл шарушалығы жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалыс күндері Астанада ауыл шарушалығы жәрмеңкесі өтеді

18.10.2024

Алдағы демалыс күндері Астанада кезекті ауыл шарушалығы жәрмеңкесі өтеді. Әкімдіктің хабарлауынша, 19-20 қазанда Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аграршылары елордалықтарға 1200 тоннадан астам өнім ұсынады. Солтүстік шаруалары 735 тонна тауар әкеледі. Шығыс Қазақстан облысының фермерлері балы мен етін арқалай келмек. Қарағанды өңірінің шаруалары тиеген жүк - 400 тонна. Жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді.

Хабарламаларға жазылу