ҰҚК Шекара қызметіне су жаңа 75 автокөлік табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚК Шекара қызметіне су жаңа 75 автокөлік табысталды

18.10.2024

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне су жаңа 75 автокөлік табысталды.

Салтанатты шара Алматы облысы Департаменті Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасында өтті. Шараға өңірлік басқармалардың басшылары, құрметті ардагерлер және Шекара қызметі қатарындағы көзге түскен жүргізушілер қатысты. Шекара күзетінде жыл сайын техниканы жаңарту биыл да жалғасын тапты. Жол талғамайтын көліктерден бөлек оптикалық-электрондық бақылау жүйесі орнатылған жеті «Соболь» кешені де берілді. Шара дәстүрлі салтанатты маршпен аяқталып, жүргізушілер тапсырылған автокөліктерге отырып, бөлімшелерге аттанды.

Серік Төлеуханов, Алматы облысы бойынша шекара Департаменті басшысының орынбасары:

Осы жүйе арқылы күндіз 33 км, түнде 15 км дейін мемлекеттік шекараны бұзушылар және басқа контрабанда өтуді байқап, шекара заставасына хабарлап, ол жақтан жедел топ шығарылып, бұзушылар тұтқындалады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу