Түркістан облысының білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге қайтарылды

18.10.2024

Түркістан облысында білім саласы мамандары тарапынан жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Қаражаттың басым бөлігі Жетісай, Бәйдібек және Мақтаарал ауданындағы қызметкерлерден өндірілген. Облыстық прокуратураның мәліметінше, қазір аудандық білім бөлімдерінің 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Күдікті деп танылған тұлғалардың мүліктеріне тыйым салынды. Айта кетейік, бұған дейін өңірдің бірнеше ауданындағы білім бөлімдерінде миллиардтаған қаражаттың жымқырылғаны анықталған еді.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу