Бас прокуратура: Жалақысы көп жұмыс ұсынса, абайлаңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура: Жалақысы көп жұмыс ұсынса, абайлаңыз

17.10.2024

20 және 22 жастағы екі қыз 10 жылға сотталды. Олар интернет арқылы жұмыс іздеп, ақша табуға кіріскен. Арнайы тапсырмаларды орындаған. Яғни, затты бір жерден екінші жерге жеткізіп отырған. Осы қызметі үшін қомақты ақша алып жүрген. Оңай жолмен ақша табуды көздеген екі қызда 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Себебі, олардың оңай жұмысы есірткі тасымалы болып шықты. Сотталушылар соттағы соңғы сөздерінде есірткі тасымалдап жүргендерін «кеш түсіндік» деп ақталды. Қатты өкінетіндерін айтты. Сондықтан, Бас прокуратура жалақысы көп жұмыс ұсынсса, абалаңыз деп ескертеді. Себебі, есірткі сатушылар интернет арқылы айласын іске асырып жатыр.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу