Елімізде шақалақтардың өмірін сақтап қалу 87% асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шақалақтардың өмірін сақтап қалу 87% асты

17.10.2024

Хирургиялық операция әдістерін жетілдірудің арқасында, елімізде туа бітті ақаулары бар сәбилердің өмірін сақтап қалу көрсеткіші 87 пайыздан асты. Дегенмен сәби өлімін азайту үшін медициналық көмекті инновациялау маңызды. Бүгін Алматыда балалар дәрігерлерінің сьезіне жиналған мамандар осындай пікір білдірді. Жиынға Италия, Польша, Әзербайжан, Беларусь сынды мемлекеттердің және еліміздің әр өңірінен 900-ден астам педиатр мен балалар хирург-дәрігері қатысып жатыр. Мамандардың сөзінше, қазір ана мен бала денсаулығын нығайту бойынша жүйелі шаралар атқарылуда. Соның арқасында дене салмағы өте төмен, шала туған шақалақтардың өмірін сақтап қалу көрсеткіші 4 есеге өскен.

Ләззат Манжурова, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

Неонатология саласында да көптеген технология жасалып жатыр. Мәселен нәрестелерге туа біткен ақауларына күрделі операциялар жасалып жатыр. Жылына мысалы 1 500-ден астам нейрохирургиялық операция жасалады. Ең бірінші жетістігіміз – ол әрине бала мен сәби өлімінің азаюы.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу