Түркістанда алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды. 2 мың оқушыға арналған білім ұясы Жаңа қала аумағында бой көтерді. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектептің физика, химия, биология кабинеттері заманауи оқу құралдармен жабдықталған. Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін спортзал, шеберлік сыныптары, зертханалар мен демалыс аймақтары бар. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқитын болады. Инклюзивті кабинеттер мен пандустар, жеделсатылар орнатылған. Айта кетейік, елімізде саны жағынан ең көп «Жайлы мектептер» Түркістан облысында саЛынып жатыр. Қазір өңірде 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Нұргүл Фазылбекова, Түркістан қаласының тұрғыны:
- 5-сыныпта қызым оқиды. Қызым 4 жыл бойы үздік оқып келген. Енді мына мектепте жан-жақты өзін дамытуына барлық жағдай жасалған. Керемет мектеп, спорт жайы да. Бірнеше түрлі үйірме, дыбыс жазу студиясы, би, хореография, робототехника – барлығына кабинеттер жабдықталған.
Айнұр Әбілқасымқызы