Ақтөбе облысында бруцеллездің қауіпті бес ошағы анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында бруцеллездің қауіпті бес ошағы анықталған

17.10.2024

Ақтөбеде бруцеллез ауруының қауіпті бес ошағы тіркелген. Олар Байғанин, Мәртөк және Әйтеке би аудандарында. Ол жерлерде сауықтыру шаралары жүргізілді. Жалпы, жыл басынан бері облыста 618 мың мүйізді ірі қара мен бір миллионнан астам қой тексерілді. Нәтижесінде 2 800-ден астам сиыр, 900-дей ұсақ малдан ауру анықталған. Олардың иелеріне 120 миллион теңгеге жуық өтемақы берілді. 64 мың шаршы метр аумақта дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Айбек Сембай облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Мың да он тоғыз бас, олар ет комбинаттарына ет өңдеуге жіберілді. Ал, қой малын міндетті түрде өңдеуге жатады. Өйткені қойдың жұқтыру көрсеткіші адамға ұқсас, сондықтан да одан мықты қауіп бар.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу