Үндістанның оңтүстігінде жауын соңы тасқынға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның оңтүстігінде жауын соңы тасқынға ұласты

16.10.2024

Үндістанның оңтүстігінде төпелеп жауған жаңбыр алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, Ченнай қаласын толық су басқан. Мұнда жолдар өзенге айналғандықтан, көлік қатынасы айтарлықтай қиындап, пойыздар мен автобустар тоқтады. Және де мектептер мен кәсіпорындардың көбі жабылған. Ал жергілікті әуежайда жолаушылар аз болғандықтан, бірнеше авиациялық рейс доғарылды.

Дегенмен, құрбандар туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу