АҚШ Газадағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға 30 күн уақыт берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Газадағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға 30 күн уақыт берді

16.10.2024

АҚШ Израильге Газа секторындағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға 30 күн уақыт берді. Егер бұл талап орындалмаса, Вашингтон еврей мемлекетіне әскери жәрдемді қысқартуы мүмкін.

Айта кетсек, қазір бұл палестиналық анклав қатты қирап, 1,7 миллион адам әл-Маваси деген ауданға көшуге мәжбүр. Ал қыркүйекте Израиль үкіметінің әрекеттерінен сол тұрғындарға тиелісі гуманитарлық көмектің 90 пайызы тоқтап қалған.

Осы проблеманы шешу туралы хатқа Құрама штаттардың Мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі қол қойған. Израиль үкіметі бұл мәселені зерттеп, оған жауапершілікпен қарауға уәде беріп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу