Қазақстан қазір орта держава ретінде өте маңызды кезеңді бастан өткеруде. Әлемдегі тұрақтылық пен өркендеу арқылы өзінің көшбасшылығын растауға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Елордада өтіп жатқан Astana Think Tank Форумында америкалық сарапшы Чарльз Маклин айтты.
22 елдің басын халықарылқ диалог алаңында жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, негізгі сауда және көлік дәліздері және олардың экономикалық салаға әсері сияқты тақырыптар талқыланып жатыр.
Чарльз Маклин – «The borderless consulting group» негізін қалаушы, басқарушы директоры /АҚШ/:
Менің ойымша, Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық жыл өткен сайын артып келеді. Қазақстан қазір орта держава ретінде өте маңызды кезеңді бастан өткеруде. Оның әлемдегі тұрақтылық пен өркендеу арқылы өзінің көшбасшылығын растауға мүмкіндігі бар. Мәселен,қазір әлемде энергия тапшы. Осы ретте шикізатқа бай Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі арта береді.
Ақмаржан Ғафиз