Маңғыстауда жол апатынан 6 Өзбекстан азаматы қаза тапты.
Қайғылы оқиға бүгін Бейнеу-Тәжен тасжолында болған. Ішінде 10 адам отырған «Jac» автокөлігі шекарада кезек күтіп, жол шетінде тұрған жүк көлігіне соғысқан. Салдарынан 6 адам мерт болып, 4-і Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар Ресейден келе жатқан болып шықты. Науқастардың жағдайы орташа ауыр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына ұшыраған көліктер Өзбекстан Республикасында тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аягөз Оралбайқызы