Келесі жылдан бастап мемқызметкерлердің жұмысына онлайн баға беруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылдан бастап мемқызметкерлердің жұмысына онлайн баға беруге болады

15.10.2024

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар мемлекеттік қызметшілердің жұмысына онлайн түрде баға бере алады. Ал рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы азаяды. Бұл туралы бүгін Цифрлық Үкімет қолдау ортылығында өткен отырыста айтылды. Осылайша 2029 жылға дейін барлық мемлекеттік органның жұмысы толығымен цифрландырылмақ. Егер азаматтар өздеріне қызмет көрсеткен мекеменің жұмысына көңілі толмаса, онлайн шағымдана алады. Бұл қағазбастылықтан арылып, жемқорлықтың алдын-алуға және білікті мамандарды іріктеуге сеп болады, - дейді сарапшылар.

Бауыржан Боқаев, ҚР Жоғары аудиторлық палата жанындағы орталықтың ғылыми жобалар жетекшісі:

Қазір біз мемлекеттік аппараттың жұмысын толығымен цифрландыру бағытында зерттеу жүргізіп жатырмыз. Бұл азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы өзара байланысты нығайту үшін аса қажет. Әрі ашықтықты қамтамасыз етеді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу