Қазақстанға Армения президенті ресми сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Армения президенті ресми сапармен келді

15.10.2024
0:00:00
0:00:00

Қазақстанға ресми сапармен Армения Президенті келді. Ақорда сарайында мәртебелі мейманды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымағын одан әрі нығайту мәселелері талқыланады деп жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұраны орындалды. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу