Астанада «Сәкен» фильм-концертінің тұсаукесері өтті. 1 сағатқа созылған туынды жазушы-драматург Сәкен Сейфулинің 130 жылдығына орай түсірілген. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген қонақтардың арасында ақынның немересі де бар. Фильм танымал тұлғаның халыққа кең тараған әндерін қамтып, шығармашылығымен жақынырақ таныстырды. Жоба режиссері де бұл туындының ерекшелігі туралы айтып өтті.
Қанат Жүнісов, фильм режиссері:
Бұл фильм-концерт, қателеспесем, біздің елде тұңғыш рет түсіріліп отыр. Бұның ерекшелігі – ән арқылы беру. Бұның ішінде көркем фильмнің де, деректі фильмнің де, театрдың да элементтері бар. Мысалы, көркем фильмде бір оқиғаны, әрекетті беру үшін 10-15 минут созуға болады. Ал фильм концерттің қиындығы ән 3-4 минут, соның ішіне соның бәрі сыйып кету керек. Сондықтан әрі қысқа, әрі ұтымды кадрлар түсіруге тырыстық.
Темірлан Нұрсолтанов