Ақсу қаласының мәслихаты салықты заңсыз көтерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу қаласының мәслихаты салықты заңсыз көтерген

15.10.2024

Ел жаңалықтары... Павлодар іргесіндегі шағын Ақсу қаласы мәслихатының депутаттары ауыл шаруашылығындағы жерлерге салынатын салықты 50%-ға дейін көтеріп жіберген. Ал еліміздің салық кодексінде аталған жер телімдеріне базалық мөлшерлеме көтерілмейді деп анық жазылған. Қазір фермерлер мен шаруа қожалықтарынан жиналған артық қаржы қайта есептеліп жатыр. Ол иелеріне қайтарылады.

Асхат Әтікеев, облыс прокурорының көмекшісі:

Салықтың 10%-дан 50%-ға дейін көтерілуі заңсыз екені анықталды. Тек қана Ақсу қаласы прокуратурасының наразылығынан кейін осы қаулы өзгертілді. Және 700 ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың салық ставкасы төмендетілді.

Дәл осындай жағдай Баянауылда да болған. Қазір прокуратура тексеріп жатыр. Жақында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланып отырған 650-ден астам шаруаға салық ретінде жиналған артық ақшалары қайтарылады, дейді құзырлы орган өкілі.

Болат Аманбай

Хабарламаларға жазылу