Бразилияның Сан-Паулу қаласында жарты миллиондай адам үш күннен бері жарықсыз отыр. Латын Америкасының ең алып мегаполисінде мұндай жағдайдың қалыптасуына электр сымдарының үзілуі себепші.
Айта кетсек, Сан-Паулуға алапат дауыл жұма күні сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққы берді. Талай ағаш құлап, 5 адам қаза тапқан. Қазір қаланың энергия жүйесін қалпына келтіруге 1800-дей маман тартылған.
Алайда жергілікті билік бұл жұмысты тезірек аяқтау үшін әлі 700-дей адам қажет дейді.
Арыстан Рысбек