Ақтөбе облысында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі

14.10.2024

Chevron компаниясы өз қаражатымен Ақтөбе облысында геологиялық барлау жұмысын жүргізеді. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған «QazaqGaz» ұлтық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов хабарлады. Қазір ел бойынша газ тұтыну мөлшері еселеп артып жатыр. Сондықтан жаңа орындарды анықтаудың маңызы артқан. Сондай-ақ, ол Президентке газ құбырларын салу жобалары туралы ақпарат берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп бердім. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы күзгі, қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын аяқтады. Ұлттық компания жүзеге асырып жатқан ірі инфроқұрылымдық жобалар туралы баяндадым. Олардың ішінде «Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбырының екінші тармағының құрылысы бітті. Алматыдағы 2-3 ЖЭО арналған газ инфроқұрылымдық жобалары аяқталды. Және де тағы да басқа жаңа газ нысандары салынуда.


Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу