Қазақстан халқының Бірлігі күнін қызылжарлықтар биыл ерекше атап өтті. 70 аулада түрлі ұлыстың дәстүрі, мәдениеті көрсетіліп, ұлттық тағамдар қойылған дастархан жайылды. Облыс орталығындағы салтанатты шарада 3000 адам мерекелік шеруге шығып, бір мезетте 200 адам би биледі. Қызылжарлықтардың айтуынша, еліміз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы мемлекет ретінде әлемге әйгілі. Сондықтан, тілі басқа тілегі бір, діні басқа жүрегі бір ұлт пен ұлыс өкілдері қаз-қатар киіз үй тігіп, дәстүрін дәріптеді, ұлттық ойындар ұйымдастырды.
Самат САПАРАЛЫ