Елде 725 мыңға жуық мүгедіктігі бар адам тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 725 мыңға жуық мүгедіктігі бар адам тіркелген

12.10.2024

Қазір әлем бойынша мүгедектігі бар адам саны бір миллиардтан асса, соның 725 мыңға жуығы Қазақстанда тұрады. Олардың арасында кәмілет жасына толмағандары да бар. Мемлекет тарапынан оларға қандай жәрдемақы төленеді? Қандай көмек түрлерін тегін пайдалана алады? Келесі материалда.

Алматы қаласында қазір 57 мыңнан аса мүгедек жан тұрады. Солардың бірі – Айболат Жасқайрат. Жастайынан сал ауруына шалдыққан азамат қазір өзі сияқты жандардың жанайқайын көтеріп жүр. 32 жастағы жігіттің сөзінше, инватакси жолға қойылған. Қазір қала бойынша 100 көлік қызмет көрсетеді. Десе де, шешілмеген мәселе аз емес.

Айболат Жасқайрат, І топтағы мүгедек:

Санаторий мәселесін, одан кейін біздей жас мамандарды диплом алғаннан кейін жұмыс мәселесін реттеп берсе сол кішкене жәрдем болар еді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда мүгедектігі бар 725 мыңнан аса адам тұрады. Олардың 615 мыңы ересек болса, 109 мыңы - кәмелетке толмағандар. Барлығы мемлекет тарапынан техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен тегін қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар..

 Аманат Сұлтанғазиев, Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

Протездер, кресло арбалар, есту аппаратттары, имплант, сурдо құрылғылар, жөргектер, гигиеналық құралдар кіреді. Және жеке көмекші қызметтері.

Айболат Жасқайрат қазір 95 мың теңге жәрдемақы алады. Қолында қос дипломы бар. І топтағы мүгедек жұмыс табу жағынан көмек көрсетілсе, мемлекетке пайдамыз тиер еді, - дейді. Себебі, өзі қалаған, арманындағы қызметке орналасу қиындық туғызып отырғанын айтады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу