Астанада алғашқы қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алғашқы қар жауды

12.10.2024

Астанада алғашқы қар жауды. Көктайғақ болып, бірқатар бағаттығы жолдар түнде уақытша жабылды. Астана-Көкшетау тас жолында қалған 600 жолаушыны эвакуациялау үшін, Қазақстан темір жолы "Астана-Көкшетау-Астана" бағытында қатынайтын пойызға тағы 13 вагон тіркеген.

Сондай-ақ, қолайсыз ауа райынан 8 әуе рейсі де уақытынан кешікті. Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі, барлық қажетті шара қолға алынғанын хабарлады. Ал, Қазгидромет мамандары бүгін де еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болатынын хабарлады. Сондай-ақ көктайғақ болып, жел тұруы ықтимал деп болжайды.

Хабарламаларға жазылу