Мемлекет басшысы Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

12.10.2024

Мемлекет басшысы Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, Корольдікті іргесі берік, халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтті. Бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.


Хабарламаларға жазылу