Астана жүргізуші куәлігіне тапсыратын емтихан талаптары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана жүргізуші куәлігіне тапсыратын емтихан талаптары күшейтілді

11.10.2024
0:00:00
0:00:00

Астанада бүгіннен бастап, жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру талабы күшейді. Ол қандай талаптар? Оның әріптесім Оңғар Алпысбай айтып береді. Мақсат жалған куәлік сату және өзгенің атынан емтихан тапсырудың жолын кесу. Сондай-ақ азаматтардың деректері қауіпсіз сақталады, - деп отыр.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандарының ақпаратынша енді жүргізуші куәлігіне үміткерлер екі факторлы аутентификациядан өтеді. (1) Алғашқысы СМС хабарлама. (2) Ол электрондық үкімет порталында тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. (3) 1414 нөмірінен келген хабарлама арқылы сіз жеке деректерді сұратуға және өңдеуге рұқсат бересіз. Сәтті авторизациядан кейін қызмет алушы тексерудің екінші сатысы, (4) биометриялық сәйкестендіруден өтеді. (5) Осыдан кейін ғана теориялық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беріледі. Бұл алаяқтық деректерінің алдын алу үшін жүзеге асырылып отырған бастама. (6) Жаңа ереже бүгіннен бастап, Астана қаласы бойынша жұмыс істей бастады. Жыл соңына дейін барлық өңірлердегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске қосу жоспарланып отыр.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу