«Қазавтожол» көлік жүргізушілеріне үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазавтожол» көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

11.10.2024

Қазавтожол Астана және солтүстік өңірлердегі көлік жүргізушілерге үндеу жасады. Қазгидрометтің болжауынша, ертең Астана мен Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде -7 градусқа дейін температура төмендейді. Осыны ескерген Қазавтожол, көлік жүргізушілеріне қолайсыз ауа райы кезінде жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Айта кетейік, бүгін Қызылжарда алғашқы қар жауып, дауылды ескерту жарияланғанды.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу