Илон Маск көпшілік назарына екі есікті робот-такси ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илон Маск көпшілік назарына екі есікті робот-такси ұсынды

11.10.2024

Илон Маск екі есікті робот-таксиін көпшілік назарына ұсынды. Есіктері «шағаланың қанаттарына» ұқсайтын машинаның не рөлі, не педалі жоқ. Осылайша, «Тесла» бұқараға арналған автомобильден роботтық техника өндірісіне бет бұрып отыр. «Киберкаб» деп аталатын таксидің құны - 30 мың доллар. Ол жаппай сатылымға 2026 жылы шығады деген болжам бар. Масктың мәлімдеуінше, бұл көлік өз қызметінде негізінен жасанды интеллект пен камераны қолданады.

Сонымен қатар, америкалық миллиардер өзі жүретін «Робован» деген машинасын да таныстырды. Ол 20 адамды тасымалдауға арналған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу