Газды мөлшерден тыс қолданғандар үшін баға өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газды мөлшерден тыс қолданғандар үшін баға өсуі мүмкін

11.10.2024

Елімізде газды шекті мөлшерден асыра қолданғандар үшін баға бір жарым есе өсуі мүмкін. Мәжілісте қазір газ тарифіне қатысты құжаттар қаралып жатыр. Депутаттар тарифтің екі түрін енгізуді ұсынып отыр. Біріншісі - коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге байланысты тұтынылатын газ көлемін шектеу. Екіншісі - жеке және заңды тұлғалар газды шекті мөлшерден асырса, оларға бір жарым еселенген коэффициент бойынша төлем жасау міндеттелмек. Яғни тұтынылған газ көлемі сағатына 65 текше метрден асқан жағдайда, баға бір жарым есе өсуі мүмкін. Бұл орташа статистикалық газ тұтынушылары үшін бағаның шарықтап кетпеуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ табиғи ресурсты үнемдеп қолдануға мүмкіндік береді.

Қарагөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу