Петропавлда алғашқы қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда алғашқы қар жауды

11.10.2024

Қызылжарда қар жауды. Қолайсыз ауа райына байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды. Синтоптиктердің болжауынша, бүгін облыстың шығыс, батыс және солтүстік өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Соңы боранға ұласып, көктайғақ болуы ықтимал. Ертең жекелеген аудандарда желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендейді. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу