Астана саяжайлары қоқыстан тазарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана саяжайлары қоқыстан тазарып қалды

10.10.2024

Астана саяжайлары қоқыстан тазарып қалды. Шаһар көркі – саябақтарды қар түскенге дейін тазалау маңызды. Әйтпесе қажетсіз қалдықтар қыс түссе, қалың қар астында қалып қояды да, көктемде еріп, шіріп, қалалық экожүйені бұзуы мүмкін, - дейді экобелсенділер. Тазалық жұмыстарына қала жастары мен мәслихат депутаттары атсалысты. Игі іс «Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында өтіп жатыр. Бұған дейін бас қала маңындағы заңсыз қоқыс орындары мен өндірістік аймақтар қоқыстан тазартылған болатын. Енді саябақтарға кезек келді.

Тұрабек Алқанов, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» мүшесі:

Одан бөлек бізде Road Kazakhstan эстафетасы ұйымдастырылған. Осы Amanat партиясынан бастау алды. Ол Астана мен Алматы арасында 1200 шақырымды қамтыды. Эстафета барысында біз 2 мың тоннаға жуық мусор жинаған болатынбыз.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу