2027 жылы елімізде дзюдодан әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2027 жылы елімізде дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

09.10.2024

2027 жылы елімізде дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Жаһан мықтылары қатысатын бәсекенің маңызы зор. Бұл біріншілік Лос-Анджелес Олимпиадасы алдындағы соңғы рейтингтік ұпай беріЛетін маңызды жарыс. Мұндай шешім Туризм және спорт министрімен Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің Будапеште IJF-тің штаб-пәтерінде өткен кездесуінде қабылданды. Сондай-ақ, тараптар Қазақстанда IJF академиясының филиалын ашу жайында уағдаласты. Министрлік өкілдерінің айтуынша, жарыс қай қалада өтетіні әзір белгісіз.

Еске сала кетейік, Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын араға 12 жыл салып, екінші рет қабылдағалы тұр. Біріншілік 2015 жылы Астанада өтті. Оған әлемнің 120 елінен, 729 татами шебері қатысты. 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Елдос Сметов чемпион болса, финалға дейін сүрінбей жеткен тағы бір отандасымыз Рустам Ибраев күміс медаль алған. Жалпы есепте Ұлттық құрама 1 алтын, 1 күміспен 4-ші сатыға тұрақтаған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу