Қызылордада «Экотaкси» қызметі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Экотaкси» қызметі іске қосылды

09.10.2024

Қызылорда қаласында алғаш рет «эко такси» қызметі іске қосылды. Бұл жоба «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асып отыр.

Бүгінде қалаға электр қуатымен жүретін 52 жаңа автокөлік әкелінді. Бұл көліктер тұрғындарға тек шаһар аумағында қызмет көрсетеді. Әр электромобиль толық қуатпен 460 шақырым жүре алады. Ең бастысы ауаны ластамай, қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді. Алдағы уақытта қалалық автобус паркі мекемесі эко таксилер санын 100-ге жеткізбекші.

Әбдібәкір Маштаев «Қызылорда автобус паркі» мекемесі директорының міндетін атқарушы:

100 эко таксиге өтінім берілген болатын. Сол 100 таксидің 52-сі келіп, қазіргі таңда қала жұртшылығына қызмет көрсетуде. Қалған 48 данасы осы айдың соңына дейін келеді деп жоспарлануда. Қала бойынша зарядтайтын құрылғылардың 8 данасы бар.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу