Тегеранда АҚШ пен Израильге қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда АҚШ пен Израильге қарсы шеру өтті

09.10.2024

Иран астанасы Тегеранда АҚШ пен Израильге қарсы шеру өтті. Палестина алаңына жиналған тұрғындар екі мемлекеттің туын өртеп, оларға қарсы ұрандар көтерді. Демонстранттар митингке ливандық «Хезболла» қозғалысының жақында өлтірілген лидері Хасан Насыралланың портретін алып шыққан.

Газа секторындағы «Хамасқа» жақтас «Хезболла» қазір Ливанның оңтүстігінде Израиль әскерімен соғысып жатыр. Айта кетсек, «Хамас» та, «Хезболла» да Иранның араб әлеміндегі сенімді одақтастары саналады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу