Нетаньяху Ливанның Газа тәрізді қиратылғанын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нетаньяху Ливанның Газа тәрізді қиратылғанын ескертті

09.10.2024

"Хезболла" елден қуылмаса, Ливан тура Газа секторы тәрізді қиратылады. Мұны Израиль үкімет басшысы ливандықтарға жолдаған тікелей үндеуінде ескертті. Және де Израиль армиясы Ливанның оңтүстік-батысында құрлықтық операция бастады.

Ал осы аймақтың шығысындағы шайқас қыркүйектің 30-нан бері жалғасып жатыр. Содан бері 2 мыңнан астам ливандық мерт болған. Бұл әскери науқанның мақсаты - "Хезболла" қарулы тобын күйрету.

Айта кетсек, хезболлалықтар соңғы бір жылда Израильге мыңдаған ракета атты. Соның жүзден астамы өткен тәулікте еврей мемлекетінің үшінші ірі қаласы Хайфа мен Галилея аймақтарына ұшырылған. Израиль үкіметінің мәлімдеуінше, зымырандардың көбі құлатылғанымен, 12 адам жараланып, кейбір ғимараттар зақымданды.

Хабарламаларға жазылу