Маңғыстауда туризмнің дамуын тежеп тұрған тосқауыл көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда туризмнің дамуын тежеп тұрған тосқауыл көп

24.04.2017

Маңғыстаудың жұмбақ жайлап, аңыз өрген ой-қыры тұтастай туризмге лайық. Алайда, саланың дамуын тежеп тұрған тосқауылдар көп. Өйткені, инфрақұрылымнан жұрдай. Осы орайда Елбасы мақаласында айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бұл салаға серпіліс берері анық. Маңғыстау өңіріндегі қасиетті мекеннің бірі - қара қылды қақ жарған Қараман ата жерасты мешіті мен қорымы.

Аталған ескерткіш облыс орталығынан қашық емес. Бірақ, 30 шақырым ойдым-ойдым жолмен жүріп, әрі қарай тағы сонша қашықтықта шаңы бұрқыраған қара жолды еңсеру керек.

Қараман ата жер асты мешіті 14-ші ғасырда салынған. Мұнда 3 бөлме бар. Оның бірі - шәкірт қабылдайтын және намаз оқытатын бөлмелер. Ескерткіштің ескірмей осы күнге дейін сақталуы оның сапалы салынуында. Жылуды сақтайтын барлық жағдайлар қарастырылған. Тіпті сәуле түсіріп тұратын түндігіне дейін бар.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу