Бүгін еліміздің барлық өңірінде дерлік дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің барлық өңірінде дерлік дауылды ескерту жарияланды

09.10.2024

Бүгін еліміздің барлық өңірінде дерлік дауылды ескерту жарияланды. Секундына 20 метрге дейін екпіндетіп жел тұрады. Соған байланысты өрт қаупі сақталады.

Ал кей аймақтарда жаңбыр жауып, күн күрт суытады. Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде түнде термометр бағаны минус 2 градусқа дейін төмендейді, күндіз 14 градус нөлден жоғары.

Ал Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде минус 3 градусқа дейін суық болса, күндіз 18 градус жылы.


Хабарламаларға жазылу