Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Мұны Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Құзырлы орган қылмысты насихаттаған Telegram-арнаның әкімшілерін тексерген.
«Интернеттегі өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін Қылмыстық кодекстің 313-1 бабы бойынша фактілердің бар-жоғын анықтауды арнай ыпрокурорларға тапсырдым.Тергеу барысын бақылауға алдым», - деді.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокурор балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталғанын айтқан болатын.
Динара Жарқынбек