«Қазақмыс» шахталарының бірінде екі жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақмыс» шахталарының бірінде екі жұмысшы қаза тапты

07.10.2024

Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі шахталардың бірінде апат болып, екі адам қаза тапты. «Саяқ-3» шахтасында көміртегі газы бөлініп, барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланған. Тағы бір қызметкер уланып ауруханаға түскен, жағдайы орташа деңгейде. Еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрып, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Ал полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу