Алматы облысында Exit poll өкілдері сауалнама жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Exit poll өкілдері сауалнама жүргізді

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Еxit poll өкілдері Алматы облысындағы референдум учаскілерінде сауалнаманы мұқият әрі тиянақты жүргізді. Арнайы дайындалған мамандар таңғы 7-ден бастап, кешкі 8-ге дейін аймақтағы дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде тұрып, жұртшылықтың пікірін жинады. Сарапшылар Еxit poll қорытындысы мен Орталық референдум комиссиясы жинаған дауыс санын салыстырып, науқанның қаншалықты әділ әрі ашық өткенін бағалауға болады, дейді.

Толқын Сәтібаева, Еуразиялық интеграция институтының интервьюері:

Сауалнамаға қатысушылардың жауаптары жалпылама түрде пайдаланылатын болады. Олардың берген жауаптары құпия түрде сақталынады. Оған кепілдік беріледі. Референдумға 18 жастағы жастарымыз бен 80-дегі қарттарымыз келіп, белсенділік танытты.

Хабарламаларға жазылу