Маңғыстаудағы референдум учаскелерінде барлық жағдай жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы референдум учаскелерінде барлық жағдай жасалды

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Дауыс беріп, өз таңдауын жасаймын деген адамға, референдум учаскелерінде барлық жағдай жасалды. Мұнайшылар мен кеншілер де алғашқы қоғамдық мәні зор оқиғадан тыс қалмады.

Бүгін еңбек етіп жатқан жұмысшыларға референдум учаскелеріне барып, дауыс беру үшін барлық жағдай жасалды. Мұнайшылар мен кеншілер де алғашқы қоғамдық мәні зор оқиғадан тыс қалмады.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Павлодар облысында өндірістік сала жұмысшылары ерекше белсенді болды. Ақсу ферроқорытпа зауытындағы 6 мыңнан аса жұмысшының дені таңғы ауысымға дейін таңдау жасады. Ал, түнгі жұмыстан шыққан немессе кәсіпорынға түс ауа баратын жұмысшыларға арнайы автобустар ұйымдастырылды. Дмитрий Головянко металлургия саласына енді келген маман. Ол зауыттағы жастар кеңесінің мүшесі.

Дмитрий Головянко, Ақсу қаласының тұрғыны:

Мен алғаш рет дауыс бердім. Өзім үшін маңызды болғандықтан осы референдумға келдім. Себебі, елдің болашағы үшін таңдау жасадым. Өз үлесімді қостым деп мақтанышпен айта аламын.

Маңғыстауда таңғы 6-дан бері жұмыста жүрген еңбеккерлердің бірі - қоғамдық көлік жүргізушілері. Облыс бойынша 190 автобус жолаушыларды тасымалдауда. Соның 80-і Ақтау қаласында. Жұмыстағы жүргізушілердің референдумға барып, дауыс беруі үшін, оларды ауысымдық жүргізушілер алмастырды.

Төлеген Аймағанбетов, қоғамдық көлік жүргізушісі:

3 жылдан бері қоғамдық көлік жүргізушісімін. Енді мына референдумда дауысымызды бердік.

Теңіз кен орнының жұмысшылары 7 дауыс беру пунктінде өз таңдауларын жасады. Жылыой аудандық аумақтық комиссиясының мәліметінше, Теңіз кенішінде 10 мыңға жуық жұмысшы дауыс берген.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу