Алматыда бүгін 100-ден аса инватакси қызмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бүгін 100-ден аса инватакси қызмет көрсетті

06.10.2024

Алматыда референдумда дауыс берген әр азаматқа барынша жағдай жасалды.

Аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, қала бойынша дауыс беруге құқылы 7 800-ден аса мүгедектігі бар адам тіркелген. Олардың учаскелерге барып-келуі үшін бүгін 100-ден аса инватакси бөлінді. Сол қызметті пайдаланғанның бірі - Меруерт Құлахметова. Оған мамандар №124 референдум учаскесіне барып, таңдау жасауына жәрдемдесті.

Меруерт Құлахметова, қала тұрғыны:

 «Инватаксидің» арқасында бүгін референдумға, мүгедектігіміз бар болса да, толыққанды қатысып отырмыз. Еліміздің алдында үлкен таңдау тұр. Менің ойымша, бұл үлкен шара. Әр адам өзінің ойын айтып, ат салысу керек деген ойдамын.

Таңелі Есіркепова

Хабарламаларға жазылу