Бельгияда референдумның соңғы сағаттарында азаматтардың белсенділігі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда референдумның соңғы сағаттарында азаматтардың белсенділігі артты

06.10.2024

Бірнеше сағаттан соң Еуропада референдум учаскелері жабылады. Өзінің конституциялық құқын пайдалануға асыққан қандастарымыз соңғы сағаттарда ерекше белсенділік танытып жатыр. Бельгия мен Люксембургта оқу, жұмыс бабымен уақытша тұрып жатқан отандастарымыз да таң атқаннан Брюссельдегі Қазақстан елшілігі жанынан құрылған №373 референдум учаскесінде дауыс беруде.

Гаухар Тұрсынова, №373 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:

Соңғы сағаттарда азаматтардың белсенділігі артты. Учаске жабылғанша дауыс беруге тіркелген азаматтардың барлығы өз таңдауын жасап үлгереді деген сенімдеміз. Ешқандай заң бұзушылық жоқ. Барлығы заң талаптарына сай өтіп жатыр.

Н.Қасым

Хабарламаларға жазылу