Шымкентте Евразиялық интеграция институтының 20-ға жуық өкілі әлеуметтік сауалнама жүргізуде. Социолог мамандар дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде тұрып, жұртшылықтың пікірін жинақтауда. Олар таңдау білдіргендерден «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келістіңіз бе, әлде қарсы болдыңыз ба?» деген сұрақтарға жауап алып жатыр. Басты мақсат референдум нәтижелеріне алдын ала болжам жасау.
Тимур Садуов интервьюер:
Сауалнама экзит-полл әдісімен жүргізілуде. Оған келіскен азаматтардың жауаптары құпия сақталады. Біз оған анонимді кепілдік береміз. Және олардың жауаптары жиынтық түрінде референдум аяқталғаннан соң жарияланады.
Ғани Қалмаханов