Д.Қонаев қаласында 150 тұрғын үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар мен референдум учаскесіне келе алмайтын жалғызбасты қарт кісілер бар.
Референдум комиссиясының мүшелері үйді аралап, дауыс жинады. Жалпы облыс орталығында 1 100-ге жуық мүмкіндігі шектелуі жандар тұрады. Оларға инватакси қызмет көрсетуде. Ал, есту, көру қабілеті төмен дауыс берушілер үшін арнайы траферет және аудиоматериалдар қолжетімді.
Қуан Нұрақын