Ресейде білім алып жүрген жастар еліміздің дамуына өз үлесін қосқысы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде білім алып жүрген жастар еліміздің дамуына өз үлесін қосқысы келеді

06.10.2024

Ресейдің бес қаласындағы референдум учаскелерінде азаматтарымыз белсенді дауыс беріп жатыр. Конституциялық құқығымызды пайдаланып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді дейді олар. Ресейде «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан жас ғалым Орынбасар Абдуллаев та өз таңдауын жасады.

Орынбасар Абдуллаев, РФ Ұлттық зерттеу ядролық университетінің магистранты:

Референдум-зайырлы, демократиялық мемлекеттке жүргізілетін іс-шара. Бұл халықтың пікірін, көзқарасын анықтау үшін мемлекеттің келесі даму барысындағы бағытын анықтайтын өте маңызды іс-шара деп өзім қабылдаймын. Мен өзім осы Мәскеуде «Болашақ» бағдарламасымен оқимын. Қазақстан азаматы бола бұл менің азаматтық құқығым.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу