Өнер қайраткерлері елдегі кез-келген науқанға бей-жай қарамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнер қайраткерлері елдегі кез-келген науқанға бей-жай қарамайды

06.10.2024

Алматыда өнер қайраткерлері де маңызды шараға белсене қатысып жатыр. Танымал актер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов №382 референдум учаскесіне жұбайымен келіп, бірге дауыс берді. Өнер майталманы елде болып жатқан кез-келген науқанға бей-жай қарамайтынын айтады. Асанәлі Әшімов атом электр станциясын салу сияқты Қазақстан үшін маңызды шешім қабылдауда әрбір азаматтың дауысы маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ әнші, Қазақстанның еңбек ері Роза Рымбаева да, №387 референдум учаскесінде дауыс берді. Әнші-- бүгінгі шараның ел экономикасының өркендеуіне жасалған басты қадамның бірі екеніне тоқталды.
Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі:
Демократия халыққа сөз салғаны өте дұрыс деп есептеймін. Халықтан сұрағаны, халықтың тілегі. Елдің тұрмысы жақсарсын, халықтың әл- ауқаты жақсарсын, әдебиет, мәдениет жақсарсын. Ғылым өссін.
Роза Рымбаева , әнші, Қазақстанның Еңбек Ері:
 Қазақстан халқының өмірінде бұл тарихи кезең ғой. Үлкен жауапты істі қабылдау үшін халықтың көзқарасын, халықтың келісетінін-келіспейтінін білу үшін міне, әрбір азамат бей-жай қалмай келіп, өз көзқарасын дауыс берумен айту керек.
Бүгінгі референдумға қатысу, жауапкершілік таныту – әрбір азаматтың құқығы әрі парызы. Референдумға қатысқан Алматылық зиялы қауым өкілдері осындай пікірде. Ақын Нұрлан Оразалин қаладағы №301 референдум учаскесінде дауыс берді. Қоғам қайраткері бұл референдумды ел өміріндегі елеулі оқиғаға балап отыр. Сондай-ақ, жауапты сәтте тұтас жұрт бірігіп, ұйымшылдық танытуы тиіс, дейді.
Нұрлан Оразалин, ақын, Мемлекет және Қоғам қайраткері
Бұл сауал болашақтың сауалы. Менің ойымша, халық бір күнмен ғана өмір сүрмейді. Өзінің болашағын, ертеңін, әлемнің басқа мемлекеттерімен тең құқықтық деңгейде ғұмыр кешуі үшін оның экономикасы дұрыс болуы керек.
Болат Тілепов, Абай атындағы ҚАЗҰПУ ректоры:
АЭС мәселесі өзінің экономикалық мазмұнына қарамастан халықтың жалпы болашағына тікелей әсер ететін үлкен жобалардың бірі. Сондықтан да осы ретте бұл мәселенің осындай халық талқысына шығарылып отырғандығы маңызы сода.
Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу