Алматыда Exit poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Exit poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр

06.10.2024

Алматыда кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының қызметкерлері референдум учаскелерінде сауалнама жүргізуін жалғастырып жатыр. Олар учаскелердің шыға берісінде тұрып, сұрақтар қою арқылы дауыс берушілердің ой-пікірін біледі. Бұл сауалнама референдумнің қорытындысына әсер етеді, дейді мамандар.
Жалпы Алматыда дауыс беру үшін 624 референдум учаскесінде жұмыс істеп тұр. Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны – 1,26 млн адам.

Данияр Жақсыбеков, Кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының қызметкері:

Біз таңертеңнен дауыс берушілер арасында сауалнама жүргізіп жатырмыз. Бірнеше учаскені аралап шықтық. Келіп, дауыс берген азаматтарға сауалдарымызды қоямыз. Бұл сауалнама қоғамда ресми мәліметке балама дерек көзі ретінде қолданылады.

Лаура Биғали

Хабарламаларға жазылу