Елімізде өтіп жатқан АЭС салуға қатысты референдум туралы, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да хабар таратып жатыр. 200-дей журналист әлемнің 37 елінен арнайы келген. Олар таңнан бері дауыс беру учаскелеріне барып, референдум барысын қадағалап жүр.
Павел Новотный, журналист /Словакия/:
Референдум өте жақсы ұйымдастырылған. Шетелдік байқаушыларды көрдім. Олармен сөйлесіп, сұхбат алдым. Комиссия мүшелерімен де тілдестім. Халық өте белсенді. Олар қуана-қуана дауыс беріп жатқанын байқадым.
Хосе Луис Барсело, журналист /Испания/:
Біріншіден, Қазақстанда референдум ашық және жақсы өтіп жатыр. Біз бірнеше сайлау учаскесінде болдық, халық белсенді.
Арай Төлегенқызы