Еліміз бойынша дауыс беруге құқы бар азаматтардың 51,77% таңдауын жасады. Яғни, дауыс беру құқығы бар 12 млн нан астам халықтың 6 млн 300 мыңы референдумға қатысқан. Бұл орталық референдум комиссиясының сағат 14:00-де берген мәліметі.
Алдын ала деректерді есептеу бойынша, Түркістан облысының тұрғындары белсенді. Өңір халқының 67% дауыс берген. Одан кейін Шымкент қаласы тұр. Шығыс Қазақстан мен Қостанай облысында референдум учаскесіне келіп, бюллетень алған азаматтар көп. Бұл өңірлерде халықтың 61% астамы дауыс берген. Ал белсенділігі ең төмен алматылықтар екен. Қала жұртының 16% ғана учаскелерге барған. Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын мәліметтерді жаңартып отырады.
Айя Мүтәлі