Ел азаматтарының 39,23% дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел азаматтарының 39,23% дауыс берді

06.10.2024

Еліміз бойынша дауыс беруге құқы бар азаматтардың 39,23 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл Орталық референдум комиссиясының сағат 12.00-де берген мәліметі.

Есеп бойынша, Шымкент қаласының тұрғындары белсенді. Өңір халқының 57 пайызы дауыс берген. Одан кейін Қарағанды мен Ақмола облысында референдум учаскесіне келіп, бюллетень алған азаматтар көп. Ал белсенділігі ең төмен алматылықтар екен. Қала жұртының 11,88 пайызы ғана өз таңдауын жасады. Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын мәліметтерді жаңартып отырады.


Хабарламаларға жазылу